5 дек. 2009 г.

ӘН

Жолда арба кетіп барады. Делбе жас жігіттің қолында. Шал тонына оранып жатып алған. « Дүние-ай... Кеттің... Ар...» ән үздігіп естілмей қалды.
Шиқ... шиқ...шиқ...
Дауыс жеті қырдан асқанша естіліп тұрды.
Шиқ... шиқ... шиқ...
Бозбала бишігін шарт еткізіп атты желдірте жөнелді. Кеудесін кере тыныстап, жігіт ағасы болған кісі малдасын құрып отырды да, ән бастады. «Қалқатай, сен ар... Алсыс кет... Сағыныш...» еміс-есім шығандап, солғындап үзіліп кетті.
Шиқ-шиқ... шиқ-шиқ...шиқ-шиқ...
Жел үйірген аппақ шаң арбаны көміп озып барады. Әйел уанбай келе жатқан баласының көрпесін қымтап, ыңылдап жыр айта бастады. «Әлди-әлди... Тауып алған дала... Атаң сенің батыр-оу... ана... сенің... шермен...». Құйын тағы көтерілді.
Ш-и-қ... ш-и-қ... ш-и-қ...
Күн ысыған сайын жүріс мандымай қойды. Алда жалғыз тораңғының сұлбасы бұлдыр-бұлдыр сағымға оранып теңізге батып бара жатқандай.
– Ата, анау жиде ме?
– Жо-о-оқ, балам... – Деп шал немересінің самайынан искеп, Бақ жаққа қарап делбені қақты да, – ол тораңғы, балам. Шөлдедің бе?
– Ата, ұйқым кеп тұр. – атасы ән айтқан жоқ. Бірақ, бала ұйықтай алмай қойды. Көмекейден үзіліп-жұлынып болса да құлаққа ұрылып тұратын үн жоқ. Аспан да, жер де, арбаның үсті де тымырсық ауада мүлгіп тұр. Бала енді естіді...
Ши-и-иқ...Ши-и-иқ...Ши-и-иқ...
Жолды сел алып кетіпті. Құсықтың соңы әлі жүріп жатыр. Су орған топырақ жолдың беті қатқақ күйінде ағып жатқан лайсаңнан асыра нұсқалып тұрған қол спетті.
Жол кемсеңдеп жаылап жатқан сияқты. Кеуекке шорылдай құйылып жатқан судың дауысына қос құлағын қайшылап, селт етіп басын көтерген ат су ағысы келген жаққа қарай тағы бір бұрылып қарады да, қайтадан шұлғи бастады.
Қалғыған дала сілкіне алмай маужырап тұр. Сағалдырық слдыр етіп арбаны оқыс қозғалтқан ат – кісінеді.
Бір ноқат көз ұшында.
Ән ақтарылып, төгіліп келеді. Бар дүние әуенге бастырылып, көміліп кеткендей. Ана жақтан да аттың кісінеген дауысы естілді. Дала қыстыға тыныстап, жөңкілген үннен ес жия алмай қалғандай.
Бұл жақта жол кесілген. Сел арбаны көметін болды.

Авторы: Мейіржан Әуелханұлы

Комментариев нет:

Отправить комментарий