4 дек. 2009 г.

Әңгіменің құны туралы

Франция жазушысы Мират Кендра «Әңгіменің көркемдігі» деген шығармасында мынадай пікір айтады: әңгіменің құнын өлшеуде оның суреттеудегі сенімділігіне немесе тіл шеберлігіне емес, қайта оның «бұрын танылмаған бір бөлім тұрмысты байқай алғандығына» қарау керек. Алайда, теория саласындағыларды бір ортақ көзқарас бар. «Затты тану аса байсалды жұмыс, мұны жазушылардың орындауына тапсыруға болмайды. Адамзат қоғамын тану – философия ғылымының, тарих ғылымының, рухи талдау ғылымының және басқада белгілі қоғамдық ғылымдырдың ісі. Әдебиеттің міндеті ежелден тартып осындай басқа ғылымдардан келген білімдерді онан ары образдап түсіндіру» дейді.
Кендра жазушысы философпен тең орынға қояды. Ол былай деп есептейді: нағыз жазушының өз творчествосында ұмтылатын нысанасы Платонның нысанасымен ұқсас; үңгірден(яғни құбылмалы бұлыңғыр дүниеден)шығып адамзат жағдайының мәнін ұстау. Бірақ философ пен жазушы басқа-басқа жолмен жүреді. Философтардың эстетикамен жұмысы болмайды. Ал жазушылар эстетика мен білімі әңгіме деп аталатын осы бір құрылымның ішіне біріктіреді. Философия кесім айту сипатында болады; бір түрлі ысқақ ету әуені, оның өрісі әрі-сәрілік өріс болып табылады.

«Әдебиеті-көркемөнер газеті»(қытайша) 1987 жыл 42-сан
-----------------------------------------------------------
Әңгіме туралы сын мен ізденіс, дау...

Комментариев нет:

Отправить комментарий