4 дек. 2009 г.

Кафкамен әңгіме

Бір рет мен Кафканың бөлмесіне кірген сәтімде, ол Риклам желілес кітаптарының жарнамасын көріп отыр екен.
«Мен кітап аттарына мас болдым»,- деді Кафка, «кітап бір түрлі жансыздандырғыш».
Мен фортфелімді ашып, ішіндегі нәрселерді оған көрсетіп: « онда мен дәу шұжық жейтін адаммын, доктор мырза!»
Кафка қатты таң қалды: «барлығы жаңа кітап!»
Мен кітаптарды түгелдей оның үстеліне қойдым. Ол бір-бірден ақтарып көріп, кейбір абзацтарды тоқтамай оқыды да, кітапты маған қайтарды. Барлық кітаптарды көріп болған соң, менен сұрағаны: «мына кітаптарды түгел оқисың ба?!»
Мен басымды изедім.
Кафка еріндерін шүйіріп: «сіз несіне азаптанып осы сияқты күлді-бадам дүниелерді оқып жүрсіз? Көптеген осызаман кітаптары тек қана бүгіннің көз қарықтырар елесі ғана, мұндай жарық тез сөнеді. Сіз көне кітаптарды оқығаныңыз жөн, классикалық шығармаларды айтам, бейне Гетенің шығармалары сияқты. Көне нәрселер өзінің құнын әйгілеп тұрады, ол – мәңгілік. Жаңа дүниелер түгел мезеттік. Бүгінгі ғаламат ертең күлде қалады, міне бұл әдебиеттің жолы.
«Онда жасампаздық ше?»
«Жасампаздық тұрмысты өзгертеді, тіпті одан да бетер...»


«Кафка таңдамалы шығармаларынан» аударылды.

---------------------------------------------
Кафканың шығармаларын сүйемін. "Қауға мінуші" қандай тамаша! "Көмір тақыр-таза таусылған.... сол кеткеннен мәңгі оралмастай болып бір-ақ кеттім." Шындық, азалы күй...

Комментариев нет:

Отправить комментарий