4 дек. 2009 г.

Блогымды құрдым, бұрымы жоқ қыз сияқты...

Көңіл-күй аласапыран... Ұлт боп қаламаз ба, қалмаймыз ба белгісіз. Қыл көпірдің үстінде тұр. Жастардың албырттығын пайдаланып саяси ойыншылар өз мүдделеріне бұрып кете ме деп қорқам бұл күресті!?
Жаңа блогымды құрдым кеше, бірақ бұрымы жоқ қыз сияқты! Түрі Қазақ, тілі орыс, көрзі қоңыр, ділі қара...



АЯҚТАЛМАС ЕРТЕГІ

Топырақпен бірге оянып көктемде,
Әлде неге шөліркейді от кеуде.
Ой кешемін шудасына оранып,
Жез бұйдалы желмая бұлт жеткенде.

Өрт өзені-
Тамырымда тасып қан,
Алып аспан мұхитына асыққан.
Шарабыңды шалқыта құй, Қара Жер,
Қарақат түн қайғысынан ашытқан.

Жұпар шарап-түннің нілі,
Шымырлап-
Шырынынан тіріледі мың ырғақ.
Алапат бір шөл бар менде, ағайын,
Бұлағымды жұтып қойған құм ұрлап.

Жұпар шарап-түннің нілі,
Тіл өртеп...
Жүрегімде бүр жарады гүл ертек.
Күннің қызы күнікейдің ғашығы,
От құшақтап оянады бір ертек.

От құшақтап оянады түс көрсе,
Ақша бұлттар-
Мамық жастық, құс көрпе...
Алтын арқау-аяқталмас ертек бұл,
Аспан қызы жер бетіне түскенше.
авторы:Е.Нұрдыхан

Комментариев нет:

Отправить комментарий